Сыныптастар арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталған

Фото: depositphotos.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
120

Жетісу облысында оқушы қаза тапты. Марқұмның қазасына күдікті ретінде оның сыныптасы ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, сабақтан кейін сыныптастар арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейін көз жұмған.

"Күдікті ұсталды. Ол заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді", – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті. 

Сонымен қатар білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі уақытта тергеу барысы Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуда орыс тілінің...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байқоңыр қаласында кәмелетке толмаған бес баласына қатыгездік танытты деген күдікпен 40 жастағы әй...