Пойыз терезесінен нәрестесін лақтырып жіберген әйел туралы сұмдық дерек шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2733

Пойыз терезесінен нәрестесін лақтырып жіберген әйел туралы бейресми ақпараттар шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бейресми мәліметтер бойынша, әйел шамамен 30 жаста, Қазалы бекетінен пойызға мінген.

Қарағанды бекетінен кейін жолаушы жолсеріктің едендегі қанды жуғанын байқап, ізді бақылай келе, купеде жатқан, төсегі қан болған әйелді көреді. Сұрақ қоя бастаған соң, әйел кінәсін мойындаған.

Полиция оны оқиға орнында ұстады, босанған әйелге медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы «тұрақты» деп отыр. Дегенмен оның қамауда, болмаса үйқамақта екені әзірге белгісіз.

Ал нәресте пойыз жолының бойында өлі табылды. Тірі туылғаны немесе өлі туғаны әлі анықталған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...