Алматы облысында 22 жастағы жүргізуші кәмелетке толмаған баланы көлікпен қағып, салдарынан бала оқиғ...
Таиландта қазақстандық азамат көз жұмды
Ашық дереккөзден алынған
3043
Таиландқа демалуға барған 57 жастағы қазақстандық суға батып кетті, деп хабарлады madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін айтады. Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адамның қазақстандық екенін растады.
Әзірге қосымша ақпарат жоқ.