Абай облысындағы түрмеде ер адам жанындағы адамды өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1132

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары режимдегі түзеу мекемесінде сотталушы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, мекемеде бір камерада отырған екі сотталушы арасында жанжал шыққан. Төбелес барысында олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.

"Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу және тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай тұрақты", - делінген ақпаратта.

Тергеу барысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...