“Раноның ата-анасын боқтады”: Ақнәр Гүлістан қаза тапқан күні пәтерде болған Дидар өз шындығын айтты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1651

Алматыда 22 жасар Ақнәр Гүлістан «Amir» тұрғын үй  кешенінде жетінші қабаттан құлап қайтыс болған соң, жақындары полицияның қателігін айтып, күдікті деп танылуы тиіс екі қыздың арада 9 ай өтсе де, куәгер болып бостандықта жүргендеріне наразылықтарын білдірген. Бүгін осы іс бойынша тың дерек шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Журналист Руслан Өтепбайға Ақнәр қаза тапқан күні пәтерде болған екі қыздың бірі сұхбат берді. Ол Ақнәрдің ішімдік ішкісі келгенін, кейін теледидарды сындырып жылағанын айтты. Марқұм қыз құрбыларына басында 2 млн қарызы бар екенін де айтқан.

 Кейін жылап, құрбыларын ұра бастапты. Дидардың айтуынша, ішімдік ішкен Ақнәр есін жоғалтып, Раноның ата-анасын боқтай бастаған.

Жанжал сол кезде туындапты. Ол Раноның ата-анасын боқтап, артынша Құран аяттарын оқи берген. Дидар Мұқият Ақнәрді барынша тыныштандыруға тырысқанын айтты.

Студияға Дидар Мұқияттың адвокаты Жандос Палманов та келді. Бірақ ол бейнеге түспеді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...