Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметт...
«Ақша керек»: Назым Қызайбай сыйға алған көліктерін сатып жатыр
Birbol.kz
3061
Бокстан Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне берілген сыйлықтарды не істейтінін айтты.
Былғары қолғап шебері Париждегі жүлдесінен соң өзіне сыйға берілген темір тұлпарларын сату туралы шешім қабылдады. Естеріңізде болса, үздік үштікке енген спортшы қызға демеушілер үш көлік сыйға берген болатын. Ол соның екеуін – Zeekr мен Mini Cooper-ді сататынын айтты.
Қызайбайдың сөзінше, ол мұндай қадамға ақша керек болғандықтан барған. Назым үш бірдей көлікті қалдыруға шамасы жетпейтінін де атап өтті.
Айта кетейік, Назым 2024 жылғы Олимпиада ойындарында 50 келіде қола жүлдегер атанды. Жартылай финалда ол қытайлық боксшы қыздан жеңілді.