Талдықорғанда өз қызын зорлап келген ер адамға химиялық кастрация жасалады

Фото: stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1325

Талдықорғанда өз қызын зорлап келген ер адамға химиялық кастрация жасалады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

15 жастағы жеткіншекке азғындық жасаған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда әшкереленді. Мұны жәбірленушінің анасы көріп қалған. Содан соң әйелге қызы бар шындықты жайып салған. Ол әкесінен 7 жылдан бері қорлық көргенін жеткізді. 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны сотта дәлелденді. 

Өз қызына қорлық көрсеткен қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, химиялық кастрация жасау тағайындалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...