Талдықорғандағы төтенше жағдайға байланысты теміржол учаскесі жабылды

Фото: zakon.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
284

Талдықорғанда жекеменшік теміржол тармағында болған оқиғаға байланысты қозғалыс шектелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кеше кешкісін сағат 21:30 шамасында Талдықорған қаласындағы «Bars Build» компаниясына тиесілі жекеменшік жолдарда төтенше жағдай орын алды. Жүк тиелген бес цистерна өздігінен қозғалып кетіп, тұйыққа соғылған. Соққы салдарынан екі вагон рельстен шығып кеткен.

Цистерналарға пропан газы тиелгені белгілі болды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, газдың сыртқа жылыстауы тіркелген жоқ, зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаға қатысты «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді:

«Қазіргі уақытта оқиға орнында 25 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Бұл оқиға «ҚТЖ» ҰК» АҚ жауапкершілік аймағына кірмейтін жекеменшік кіру жолдарында болған. Оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр», - делінген хабарламада.

1 ақпан сағат 00:25-тен бастап «Талдықорған — Қарабұлақ» аралығы уақытша жабылды. Салдарынан бір пойыз рейсі кешіктірілді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Жергілікті жерде жедел штаб құрылды. Мамандар қала тұрғындары үшін ешқандай қауіп жоқ екенін сендіріп отыр. 

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

«Әлем әдебиетінің жауһары» айдарында бүгін «Адамзаттың Айтматовы» атанған Қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Madeni...