Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жұмысын тексеретін комиссия құрды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
148

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Комиссия министрліктегі істердің қазіргі жағдайын зерделеп, әскери құрылымдарды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.

Комиссияны Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады. Оның орынбасары болып Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов тағайындалды.

Комиссия құрамына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы Мұрат Баймұқашев, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаев және Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин кірді.

Комиссия тексеру жұмыстарының алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде Президентке баяндауы тиіс.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсет...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов көпшілік алдына шығып, шығармашылығы мен алдағы жоспарлары туралы...