Стэнфорд профессоры Тоқаевқа қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1157

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры, қаржы және венчурлық инвестициялар саласының сарапшысы Илья Стребулаевты қабылдады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанға венчурлық инвестиция тарту және жасанды интеллект бағытындағы стартаптарды дамыту мәселелерін талқылады.


Президент еліміздің венчурлық капитал тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтіп, профессордың кәсіби пікірі мен Қазақстандағы инвестициялық экожүйені дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кездесу соңында Илья Стребулаев Мемлекет басшысына өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын тарту етті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...