Жантүршігерлік жол апатынан бір мезетте 79 адам ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1877

Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оның 17-сі бала. Герат-Кабул тас жолында автобус, жүк көлігі және мотоцикл соқтығысқан. Салдарынан автобус аударылып, отқа оранған.

Қаза болғандар – Ираннан депортацияланған азаматтар. Өрт сөндірушілер оқиға орнына тек 1,5 сағатта жеткен.

Ауғанстанда көлік апаттары жиі болады. Себебі соғыстың кесірінен инфрақұрылым қатты тозған.