Талғарда қыркүйектің ортасында із-түзсіз жоғалған 40 жастағы ер адам өлі табылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1413

Талғарда қыркүйектің ортасында жоғалған 40 жастағы ер адам өлі табылды. Бұған дейін Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында ер адамның жоғалғаны жарияланған болатын, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Карлов Станислав Анатольевич 1986 жылы дүниеге келген. Ол 13 қыркүйекте жоғалған. Таңғы алты шамасында ер адам Талғар қаласы, Ломоносов көшесі 20-үйден шығып кеткен.

Сипаттамасы: бойы 170–175 сантиметр, арық дене бітімді, шашы қара, қысқа сақал-мұрт қойған.
Киген киімі: қара түсті капюшоны бар күрте, қара кепка, қара сөмкесі болған.

Еріктілердің айтуынша, ер адамның денесі Талғарда зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылған. Қайтыс болу себебін сараптама анықтайды.

СПОРТ

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси Росарио қаласындағы клиникада 68 жасында қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...