Қызылорда облысында ішімдік сатылмайтын ауылда екі жылда бірде бір қылмыс болмаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1809

Қызылорда облысында ішімдік сатылмаған Сазды ауылында соңғы екі жылда бірде бір қылмыс болмаған, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Облыстық ПД мәліметінше, Арал ауданының Сазды ауылы 2 жылдан бері алкоголь өнімінен бас тартқан. Нәтижесінде, осы уақытқа дейін қылмыс тіркелмеген.

Ауылда 93 отбасы тұрады, яғни, 500-ден аса адам. Мұндағы отбасылардың барлығы дерлік мал ұстайды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін алкоголь өнімдері сатылмағандықтан, бірде-бір қылмыс болмаған. Бұған азаматтардың тату-тәтті қарым-қатынаста болуы негіз болды.

Атап өтерлігі, аталмыш ауылда екі дүкен бар, алайда, ешқайсысында алкоголь сатылмайды.

«Учаскелік инспектор болғандықтан, ол бірінші кезекте ауыл тұрғындарымен және ақсақалдармен, ауыл әкімшілігімен, жергілікті мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен өзара байланыс орнатқан», - делінген ПД хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Интернеттегі қысқа видеороликтер бүгінде балалар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын бос уақыт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...