Қырғызстанда балаларға әкесі мен шешесінің фамилиясы қатар берілуі мүмкін

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
248

Қырғызстанда парламент депутаттары «Азаматтық хал актілері» туралы заңға балаларға қосарланған фамилия беруге рұқсат етуге қатысты өзгертулер енгізу жөнінде бастама көтерді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қырғыз басылымдарының айтуынша, қолданыстағы заңнама бойынша балаға ата-анасының бірінің тегі өзара келісім бойынша беріледі. Қосарланған фамилияға рұқсат жоқ. Ал депутаттардың ұсынысы қолдау тапқан жағдайда бала әкесі мен анасының тегін қатар ала алады.

Бұл ретте фамилиялар дефис арқылы жалғанады және оның реттілігін ата-ана өзі таңдай алады. Яғни, әкесінің тегі бірінші тұра ма, әлде анасының тегі алға шыға ма – оны ата-ана өзі шешеді.  Сондай-ақ, бұл ретте үш фамилияға рұқсат берілмейді. 

Депутаттардың түсіндіруінше, мұндай бастама көтеруге тұрғындардың өтініші негіз болыпты. Мәселен, бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған тек бергісі келгенімен, хал актілерін тіркеу органдары бұған рұқсат бермеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...