Астанада 7 жастағы бала жоғалып кетті (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1385

Астанада 7 жасар бала аулада ойнап жүргенде жоғалып кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Анасының айтуынша, ол баласын ара-тұра тексеріп отырған, алайда кешкі уақытта ұлы үйге оралмаған.

Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Полиция қызметкерлері іздеуге жүздеген қызметкерді, оның ішінде патрульдік жасақ пен кинологтарды жұмылдырды. 

Сондай-ақ бейнебақылау камералары арқылы баланың қозғалыс бағыты анықталды. Полицияның хабарлауынша, шамамен бір сағаттан кейін учаскелік инспектор баланы көрші ауладан тауып алды. Бала қауіпсіз болып, ата-анасына тапсырылды.