Мемлекет басшысына жаңа технологияларды пайдалана отырып, сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен...
Абай облысында көлік ішіне түнеген екі адам иіс тиіп қайтыс болды
Фото: yandex.kz
Қайғылы оқиға кеше Семейден шыға берістегі жанармай бекетінің маңында болған. Бұл туралы ақпарат қалалық пабликтердің бірінде жарияланды. Мәлімет бойынша, екі ер адам көлік ішінде ұйықтап қалып, иіс тиіп, қайта оянбаған. Болжам бойынша, салон ішінде автономды жылыту құрылғысы қолданылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облыстық Полиция департаменті Семей қаласының шетінде «ГАЗель» маркалы автокөлігінің ішінен екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпаратты растады. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі жетті, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар қозғалтқышы қосулы тұрған және ішінен құлыпталған көлік салонында болған. Зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ. Өлімнің алдын ала себебі иіс тиіп улану.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Абай облыстық Полиция департаменті азаматтарды көлік құралдарын пайдалану кезінде, әсіресе жабық немесе нашар желдетілетін жерлерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.