Таразда қатарласын өлтірген оқушы жеті жылға сотталды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
390

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп ғимаратында болған жанжалдан кейін оқушының қаза табуына қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сот үкімімен сотталушы Р. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танылды. ҚК-нің 81-бабы 7-бөлігі мен 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын негізге ала отырып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Сотта анықталғандай, Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы өзімен қатарлас кәмелетке толмаған оқушымен жанжал барысында оған күш қолданған. Соның салдарынан жәбірленуші мойын тұсынан ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және заттай дәлелдермен дәлелденді. Мемлекеттік айыптаушы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындаған.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының кәмелетке толмағанын, кінәні ішінара мойындауын және оң мінездемесін ескерген. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сонымен қатар сот сотталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда баскетбол ойыны кезінде AiRom академиясының 13 жастағы тәрбиеленушісі Тасболат Абдулазиз қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Омбыдан шыққан ресейлік комментатор Максим Гречанин Қазақстанның «Астана» балалар хоккей...