Тоқаев: Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналып келеді

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
77

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында Қазақстанның біртіндеп үлкен құрылыс алаңына айналып келе жатқанын айтты. Президент ел экономикасында ауқымды құрылымдық реформалар басталғанына тоқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, экономикалық реформалардың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар елде индустрияландыру қарқын алып, экономиканың жаңа өнеркәсіптік негізі қалыптасып келеді.

«Экономикада құрылымдық реформалар үдерісі басталды, оның басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Индустрияландыру қарқын алып, экономиканың жаңа өнеркәсіптік қаңқасы қалыптасып келеді. Ірі мемлекеттік инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялардың арқасында барлық өңірде жаңа өндіріс орындары ашылып, мыңдаған тұрақты жұмыс орны құрылып жатыр», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанда тұрғындардың тыныс-тіршілігі мен экономикалық өсім үшін аса қажетті коммуналдық, көлік, энергетикалық, су және басқа да инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары басталғанын атап өтті.

Президент сайлауалды науқан кезінде ел өңірлерін аралаған депутаттар бұл өзгерістерді өз көзімен көргенін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрмыс құрғанына небәрі екі ай болған Асиманың қазасына қатысты туыстары бірқатар сұраққа жауап ізде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жантүршігерлік оқиға қарияның үйінде болған. Зейнеткер қолы қанға боялған соң полицияға өзі берілген...