Таразда Новоджамбул фосфор зауытының денесінің 45%-ын күйік шалған жұмысшысы қайтыс болды. Ер адам жұмыс істеген цехта фосфор шлагы сыртқа атқылап шыққан. Отты сұйықтықтың астында тағы екі қызметкер қалып қойған. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлады MadeniPortal.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Үш жұмысшы пештің жанында тұрған кезде одан кенеттен атқылау болған. Барлығы да дене мен тыныс алу жолдарының ауыр күйігін алған. 32 жастағы ер адамның өмірі үшін дәрігерлер үш күн бойы күресті. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Қайғылы оқиғаға кім кінәлі және оның алдын алуға болар ма еді — мұны арнайы комиссия анықтап жатыр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, шұғыл тексерулер тағайындалды.
“Еңбек инспекциясы департаментінің бұйрығымен осы жазатайым оқиғаны қарап, оған құқықтық баға беретін комиссия құрылды. Сондай-ақ жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады”, — деді Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті бөлімінің басшысы Бекжан Әбді.