2-3 мамыр күндері Астана және Павлодарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірге және прокур...
Еліміздің 26 кен орны бойынша электрондық аукцион жарияланды
Фото: Pixabay.com
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қорлары бар еліміздің 26 кен орны бойынша электрондық аукцион жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады, ал электрондық аукционның өзі 2025 жылдың 29 қаңтарында e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.
Өнеркәсіп министрлігі аукцион аяқталғаннан кейін әрбір сала бойынша аукцион нәтижелері бар хаттамаларды министрліктің ресми сайтында жариялайды. Онда жеңімпаз компаниялардың аты-жөні, сондай-ақ қол қойылған бонустар көрсетіледі деп сендірді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сирек металдары бар кен орындары аукционға қойылса, әлеуетті сатып алушыларға қосымша міндеттеме жүктелетінін қосты.
Талап бойынша инвесторлар металлургиялық өнімдерді өз нысандарында өңдеп, шығаруы немесе Қазақстан аумағында зауыт салуы тиіс.
Егер аукцион жеңімпазы қол қою бонусын төлемесе, басымдық келесі қатысушыға беріледі, деп қосты департамент.