“Тегі әртүрлі”: Қостанай облысында қаза болған 5 бала туралы тың дерек шықты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
4361

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Министрдің сөзінше, бұл отбасындағы балалардың тегі әртүрлі болған, ал аналары екі рет тұрмыс құрған.

"Бірінші некесінен үш бала, екінші некесінен екі бала. Ең кішісі бір жаста. Мамырда балалардың анасы көпбалалы ана деген атақ алып, Күміс алқа иесі атанған. Бірінші некеден ресми түрде ажырасқан. Жазда үш жүз мың теңгеден аса алимент алған. Әлеуметтік көмек екі тоқсан берілген. Ол жергілікті дүкенде жұмыс істеген, бірақ сол күні қалаға кеткен. Неге кеткені тергеу аясында айтылмайды. Бірақ сол күні үйге 1995 жылғы ер адам келіп, кешкі сағат тоғыз шамасында пеш жағып, кетіп қалғаны рас. Анасы оны балалар тоңып қалмасын деп жіберген", – деді ведомство басшысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...