“Терезеден лақтырмақшы болған”: Ақтауда ер адам бұрынғы әйелін өлгенше сабады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1980

Ақтауда ер адам бұрынғы әйелін соққыға жықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәнсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Блогерден соққыға жығылған келіншек көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, ер адам қаладағы тұрғын үй кешенінің бірінде әйелді екі жарым сағат бойы ұрып-соғып, тұншықтырған. 17-ші қабаттан лақтырамын деп қорқытқан.

Әйел айқайлап көмек сұрағанымен, тұрғындар полиция шақыруға асықпапты. Ер адам қашып кеткен. Әйел таңертең полицияға арыз жазған. Экс-әйелін соққыға жыққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Әйел күйеуімен жүйелі түрде соққыға жығылғаны үшін ажырасқан. Бірақ бұған дейін полицияға арыз жазбаған екен.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...