“Тергеушінің соты бар”: Нұрай Серікбайдың ағасы істің әлі аяғына жетпегенін айтты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
287

Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай қарындасының ісіне қатысты сот процестері әлі аяқталмағанын мәлімдеді. Ол әлеуметтік желідегі видеосында істің алда апелляциялық және кассациялық сатылардан өтетінін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сұлтан Серікбайдың сөзінше, бұдан бөлек, істі тергеген қызметкерлерге қатысты да сот процесі өтуі мүмкін. Осыған байланысты отбасы істің соңына дейін жетіп, барлық мән-жайдың толық анықталғанын қалайды.

«Әлі апелляция, кассация, тергеушінің соты бар. Істі аяғына дейін жеткізген жоқпыз. Бұл – тек бастамасы», – деді Сұлтан Серікбай.

Оның айтуынша, отбасы үшін соттың бұл шешімі істің аяқталуын білдірмейді. Алда апелляциялық және кассациялық кезеңдермен қатар, істі тергеген қызметкерлердің әрекетіне қатысты мәселелер де қаралуы мүмкін.

Сұлтан Серікбай сондай-ақ осы уақытқа дейін отбасыға қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Ол қиын кезеңде жанынан табылған жандарға ризашылығын жеткізіп, прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ Мемлекет басшысына алғыс айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...