"Ел жұлдызы жансын десек, тіл жұлдызын жағайық, ағайын"

ЖАҢАЛЫҚТАР
4991

Ассамблеяның бүгінгі жиыны ерекше өтті. Қазақ тіліне деген бетбұрыс айқын аңғарылып тұрды.Мәселен, Smagul Yelubayev ағамыз: "Ел жұлдызы жансын десек, тіл жұлдызын жағайық, ағайын" десе, Түркиядан келген Kürşad ZORLU досымыз бен Оңтүстік Кореядан Қазақстанға келіп, білім алып жатқан Чу Ионг-Мин қазақ тілінде мүдірмей, мүлтіксіз әдемі сөйледі.Ал сөздің төресін Алла Чечеткина айтты. "Мен, қазақтың нанын жеп, суын ішіп өскендіктен, ең алдымен қазақ тіліне құрмет көрсетілуін талап етемін. Мемлекеттік тілде сөйлемесек, білуге тырыспасақ, біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге қосқан үлесіміз немен өлшенеді? Барлық қандас бауырларымды қазақ тілін білуге, сүюге, өміріне рухани азық етуге шақырамын" деді молдаван қызы.

Дархан Қыдырәлі

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...