Тілендиевтің қызы Бибігүл Төлегенованың қаталдығы туралы сыр шертті

Фото: инстаграм @dinaratilendieva

Жаңалықтар
192

Алматыда Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония сахнасында

Бибігүл Төлегенованың репертуарындағы әндер шырқалды. Ал концерттің дирижері Нұрғиса Тідендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева болды.

Концерт алдында асылдың тұяғы, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің Көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері Дінзухра Тілендиева кішігірім естелігімен бөлісті.

“Біз Бибігүл Төдегенованы жастайымыздан көріп өстік. Біз көрші тұратынбыз. Ол кісі керек жерде қатал да болып алатын. Бір күні оның үйінде жүгіріп ойнап жүріп өте әдемі базасын сындырып алдық. Сол кезде Бибігүл Төлегеновадан таяқ жеп алғанымыз бар”, - дейді Дінзухра Тілендиева.

Дінзухра Тілендиева көбіне Бибігүл Төлегенова орындайтын әкесінің әндерін көбірек тыңдайтынын жасырмады. Концерт барысында да Н.Тілендиевтің біршама әндері шырқалды.

“Бүгінгі толық концерт жиырма шығармадан тұрады. Оның көбісі Бибігүл Ахметқызының репертуарынан алынған әндер. Әкем Бибігүл Ахметқызымен өнерде бірге көп жұмыс істеді, әкемнің көптеген әндерін бірінші болып орындады. Оның ішінде "Кел еркем Алатауыма", "Жан жарым", "Жан сәулем" әндері бар. Бағдарламадағы шығармалардың көпшілігін оркестрге әкем өзі жазып кеткен, және одан бөлек Бибігүл Ахметқызының тікелей шәкірті болмаса да, ізін басып келе жатқан жаңа әншілер жаңа композиторлардың әндері де орындалды”, - дейді дирижер.

 

 

 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...