Қазақстандағы супермаркеттерінің бірінде заттың бағалары рубльмен көрсетілген

Фото: stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
909

Петропавлда орналасқан бір супермаркетте тауар бағаларының рубльмен көрсетілуі жергілікті тұрғындар арасында наразылық тудырды. Бұл жағдай бойынша қала тұрғыны тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда саласын реттеу департаментіне шағым түсірген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, дүкен сөрелеріндегі бірқатар өнімнің құны ұлттық валюта – теңгемен емес, ресей рубльмен жазылған. Департамент мамандары шағым бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, фактіні растады.

Тексеру нәтижесінде супермаркет иесіне әкімшілік айыппұл салынып, заңбұзушылықты жою туралы ресми нұсқама берілді. Ведомство өкілдері мұндай әрекет тұтынушыларды шатастырып қана қоймай, олардың құқықтарын бұзатынын атап өтті. Баға белгілеу талаптарының сақталмауы есеп айырысу кезінде түсінбеушілікке әкелуі мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...