Тимур Бекмамбетов Денис Теннің киножобасын экранға шығармақ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2706

Режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов бейсенбі күні қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің ойластырған жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Денис Тен 13 шілде күні Мәскеуде Бекмамбетов пен Bazelevs компаниясы ұйымдастырған Screenlife Project халықаралық байқауының питчингінде болашақ киножобасын таныстырған болатын. Спортшының жобасы керең қыз бен мылқау жігіттің арасындағы сезімге арналған. Сырғанаушы әлеуметтік желілердегі парақшаларында фильмнің жобасы туралы ұдайы жазып тұрған. Қолданушылар Bazelevs негізін салушы Т. Бекмаметовке фильмді экранға шығару туралы ұсыныс тастады.

«Бұл - өте ауыр жағдай. Денистің туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Біз міндетті түрде оның идеясын жарыққа шығаруға тырысамыз, талантты тұлғаның рухы үшін арнау-фильмді көрсетеміз. Денис Тен небәрі 25 жасында үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді, алдыға қойған жоспарлары да көп болды. Оларды қалай да орындар еді. Себебі ол өте еңбекқор жан болатын», - деді Бекмамбетов.

author

Денис Тен

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...