Ата-анасын сұрайды: Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларының жағдайы қалай?

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
577

Атырау облысында төрт адамның қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемалиев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Ал оның азаматтық некедегі жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығында ем алып жатыр.

Оқиға салдарынан ерлі-зайыптылардың бес баласы мемлекеттік қамқорлыққа алынған. Қазір олардың үшеуі бейімдеу орталығында болса, бір және үш жастағы екі кішкентай бала балалар үйіне орналастырылған.

Мамандардың айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты. Журналист Жұлдыз Тілеуханның мәліметінше, оларға ата-әжелері келіп, жағдайларын біліп тұрады. Алайда анасының туыстары тарапынан әзірге ешқандай байланыс болмаған.

Балалар ата-аналарын жиі сұрап, үйлеріне қайтқысы келетінін айтып жүр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы трагедияға қатысты сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы жұрт естімеген м...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда алтыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар баланы патрульдік полиция дер кезінде құтқарып қа...