Тойда «уағыз» айтқан 66 жастағы түркістандық қамауға алынды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
97

Түркістан облысында той үстінде айтқан сөздері қоғамда қызу талқыға түскен 66 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оның «музыка – харам, әншілер – шайтанның азаншысы» деген мазмұндағы мәлімдемесі кеңінен тарап, қоғамда түрлі пікір туғызған болатын. Осы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция Қазақстан Республикасы Конституциясының бірқатар нормаларына назар аударды. Атап айтқанда, Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан – зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып саналады.

Сондай-ақ Конституцияда заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең екені, жынысына, ұлтына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға байланысты кез келген кемсітуге жол берілмейтіні көрсетілген.

Бұдан бөлек, сөз бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін бұзбауға тиіс екені, ал діни, ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыруға заңмен тыйым салынатыны ескертілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары істің өзге мән-жайларын жариялаған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдармен қатынайтын жүргізу...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды сәт...