«Әскерилер бір-бірімен жарысқан»: Ақтөбе облысында әскери қызметкер 17 жастағы қызды қағ...
“40 жасқа толғанына намыстанған”: мұғалім ота жасатамын деп ажал құшты
Фото: freepik
Мәскеулік келіншек сырт келбетін өзгерту үшін ота жасатып, мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы SHOT телеграм арнасы мәлімет таратты. 40 жастағы келіншек өзінің сырт кклбетіне көңілі толмаған әрі отбасы жоқ екендігі жанына батқан.
Мария бірнеше жыл мұғалім болып қызмет атқарған. Кейін мамандығы бойынша жұмыс істемей, саудамен айналысып кеткен екен.
“Мен жалғыз тұрамын. Домодедовта бөлме жалдаймын. Мен әйел бақыты туралы көп армандаймын. Үйленіп, балалы болғым келеді. Бірақ жеке өміоімде көп сәтсіздікке ұшырадым”, -дейді екен әйел әріптестеріне.
Әріптестерінің айтуынша, әйелдің 40 жасқа толуы оны қатты алаңдатқан. Сондықтан ол жасаруға шешім қабылдапты. Ол ерні мен бет сүйектеріне ота жасатқан.
Мария Titania Clinic-ке таңғы сағат 10-да барған. Кейін сағат 10:30 шамасында желіге кірді. Сосын әйел сол күйі байланысты үзген.
Процедура барысында дәрігерлер әйелге аллергиясы бар препаратты енгізген екен. Нәтижесінде ол бөртпе ота барысында бөртпен алысқан. Кейін Мария қайтыс болды. Өлімнің нақты себебін медициналық сараптама анықтайды.
Мария қайтыс болған клиника уақытша жабылды. Әйелдің туыстары процедураны жүргізген дәрігердің әлі ұсталмағанын айтты.