Әнші Нұрлан Өнербаевтың отбасы қара жамылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
726

Белгілі әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабар жариялап, анасының дүниеден озғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі жүрек тебірентерлік жазбасында анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін білдіріп, қайғысын оқырмандарымен бөлісті.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Нұрлан Өнербаевқа көңіл айтып, марқұмның иманды болуын тілеп, отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл білдірді.

Қаралы хабарды естіген көпшілік әншінің отбасына сабыр мен күш-қуат тілеп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal....

СПОРТ

Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай болашақта к...