Жаңаөзенде үйінде отырған сәбиді өрт сөндіру көлігі басып кетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
827

Жаңаөзенде өртке асыққан арнайы көлік жол апатына ұшырап, тұрғын үйге соғылды. Салдарынан үйде болған кішкентай қыз көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға 18 қаңтарда болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру автоцистернасы шақыртуға бара жатып, Lifan жеңіл көлігімен соқтығысқан. Соққыдан бағытын өзгерткен ауыр техника жол жиегіндегі үйдің бір бөлігін бұзып, аударылып қалған.

Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының өкілдері жол-көлік оқиғасынан барлығы 11 адам зардап шеккенін хабарлады. Олардың екеуі қайтыс болған.

«Мерт болғандардың бірі – Lifan көлігінің жолаушысы, ол оқиға орнында жан тапсырды. Екіншісі – өрт сөндіру көлігі соққан үйде болған қыз бала. Ол ауруханада көз жұмды», — делінген аурухана таратқан ақпаратта.

Апаттан аман қалғандардың арасында Lifan жүргізушісі, жеті өрт сөндіруші және зардап шеккен үйден тағы бір қыз бала бар. Қазіргі уақытта уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын тергеу аяқталғанша жария етпейтінін мәлімдеді.

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...