Зауытта жарылыс болып, адамдар жоғалып кетті

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
732

АҚШ-тың Теннесси штатындағы Accurate Energetic Systems әскери зауытында қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

 Жергілікті БАҚ деректері бойынша, бірнеше адам қаза тапты, нақты саны әзірге белгісіз. Хамфрис округі төтенше жағдайлар басқармасының өкілі кем дегенде 19 адам хабар-ошарсыз жоғалып, тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Округ шерифі Крис Дэвистің айтуынша, бірнеше жарылыс болған: бірінші жарылыстан кейін ұсақ жарылыстар қайталанған. Жарылыс жалғасатындықтан құтқарушылар әзірге кәсіпорын аумағына кіре алмай отыр.

Оқиға себептері анықталуда. Accurate Energetic Systems қорғаныс, аэроғарыш және коммерциялық салаларда пайдаланылатын жарылғыш заттарды әзірлеумен, өндірумен және сақтаумен айналысады.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген суреттер тарады: аумаққа шашыраңқы қалдықтар мен зақымданған автокөліктер көрінеді. Зауыттан 20 минуттан астам қашықтықта орналасқан Лобелвилл қаласының тұрғындары қатты діріл сезінгенін айтты - жарылыс толқынынан үйлер теңселіп кеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...