“Жыныс мүшесін кесіп тастаған”: Түркістан облысында сұмдық жағдай орын алды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1382

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. 7 мамыр күні 75 жастағы ер адамның бөлшектелген денесі табылған. Күдікті ретінде шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Марқұмның туыстары бұл ақпаратты жоққа шығармады. Сұхбат беруден бас тартқан қаралы отбасы қаза тапқан қарияның қарапайым шаруа адам болғанын айтты. Ауыл тұрғындары да болған жағдайға қатты таң қалғандарын жасырмайды. 

«Ақсақал үнемі амандасып жүретін, мінезі жайдары еді. Ешкімге зияны тиген емес. Өзім ол кісіні ерекше сыйлайтынмын. Мұндай сұмдықты естігенде сенбедік. Себебі ол ешкімге жамандық ойламайтын. Әлі күнге дейін өз-өзімізге келе алмай жүрміз», – дейді ауыл тұрғыны Ырықсыбай Тоқтабаев.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті қарияның басы мен аяқ-қолын шауып, жыныс мүшесін де кесіп тастаған. Қылмыстан кейін полицияға өзі хабарласқан көрінеді.

«Ол кісі Наманган қаласынан келген дейді. Мұнда жұмыс істеп жүрген екен. Бір әйелдің үйінде тұрған көрінеді. Сол үйде жанжалдасып қалып, сыртқа шығып кеткен. Содан соң көшеде жүрген қариядан су сұраған. Қария су бермеген соң, жерде жатқан күрекпен басынан ұрып, кейін денесін бөлшектеп тастапты», – дейді ауыл тұрғыны.

Түркістан облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Редакция жолдаған сұрауға жауап күтілуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Спорт журналисті Аслан Қаженов 21 жастағы боксшының өліміне қатысты ақпаратты жария етті, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысында полиция қызметкерлері ер адамды жанып жатқан ғимараттан алып шықты, деп хабарлады...