Олжас Бектенов 2026 жылы елімізде неге басымдық берілетінін айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
175

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халық табысының өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейді. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 31%-ды құрап отыр, бұл – Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш. Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткіш – 40%-ға және одан жоғары деңгейге жету.

"Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Оның аясында қаржылық, салықтық және басқа да ынталандыру шаралары көзделуде. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағдылар мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған" , - деді Олжас Бектенов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған зымырандар мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа дер...