Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
48

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Үкімет негізгі көрсеткіштер туралы есеп берді. Сондай-ақ бірқатар салалық мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.

Бұдан бөлек, отырыста Қазақстанның 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды.

Жиында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин орта мерзімге арналған басымдықтар, мақсатты индикаторлар мен стратегиялық тәуекелдерді басқару механизмдері жөнінде баяндады.

«Мемлекет басшысы ұлттық мүддені қорғау міндеттерін сапалы орындаудың маңызына баса мән берді. Оның қатарына, атап айтқанда, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету; азаматтарды, қоршаған ортаны және ақпараттық кеңістікті қорғау деңгейін арттыру; киберқауіпсіздік шараларын күшейту және әлеуметтік-экономикалық саладағы тәуекелдерді азайту мәселелері кіреді», деп хабарлады Ақорда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жанболат пен Жазираның жаңа түскен келіні Асылы оқырмандарына ескерту жасады, деп хабарлайды MadeniP...

СПОРТ

Ертең 31 наурыз Астана Аренада Қазақстан ұлттық құрамасы мен Комор аралдары арасындағы матч өтеді, д...