Қасым-Жомарт Тоқаев ертең сағат 12:00-де ант береді

ЖАҢАЛЫҚТАР
5753

Қасым-Жомарт Тоқаев19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеттігі 20 наурызда тоқтатылады.

Ел конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан президентінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан қалған мерзімде оның өкілеттігі парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшеді. Ол бұл қызметті жаңа президент сайланғанға дейін атқарады.

Конституцияның 48-бабының 2-тармағына сай, Тоқаевтың ант беру рәсімі, Орталық сайлау комиссиясының келісімімен, 2019 жылы 20 наурызда Астана уақытымен сағат 12:00-де парламенттің бірлескен отырысында өтеді деп хабарланды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...