ҚР Ұлттық банкі «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотек...
Атырау облысында суға батып кеткен балықшының мәйіті табылды
ашық дереккөз
Атырау облысында суға батып кеткен балықшыны іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Атырау облысында Жайық өзенінде балық аулау кезінде суға батып кеткен балықшыны іздеу жұмыстары аяқталды. Ер адамның денесі оқиға орнынан шамамен 100 метр жерден табылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 маусым күні кешке Индер ауданының Бөдене ауылы маңында болған. Балық аулау кезінде 1993 жылы туған ер адам суға кеткен.
Іздестіру-құтқару жұмыстары екі күнге созылды. Бүгін, 10 маусымда құтқарушылар марқұмның денесін тауып, судан алып шықты.
Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері, 4 техника және 3 жүзу құралы жұмылдырылды. Сондай-ақ операцияға полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында үш мектеп түлегінің өзенге батып кеткені хабарланған болатын.