Қанат Ислам бокстан Қазақстан ерлер U19 құрамасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарл...
“Ұзын шаштары жылқының жалындай”: Шетел азаматының видеосы наразылық тудыруда
Фото: видеодан скриншот
“Қазақ қыздары жылқының жалындай ұзын шашты жақсы көреді” деп видео түсірген ресейлік блогердің сөзі әлеуметтік желіде наразылық тудырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алматы көшелерінің бірінде автобус аялдамасында тұрып видео түсіріп, қазақ қыздары туралы әңгіме айтқан ресейлік азаматтың сөздері талқылануда. Ол видеода автобус күтіп тұрған қыздарды көрсетіп, ұзын шаштарын жылқының жалына теңеген.
Желіде бұл видео тез таралып наразылық тудыруда. Пікір білдірушілер шетел азаматының бұл сөзі қазақ қыздарын қорлау деп қабылдап, орынсыз салыстыру үшін блогерді жазалау қажет деп жазуда. Әдеттегідей, өз ойын жазушылардың арасында видео авторын жақтап, оның ешкімді ренжіткісі келмегенін айтып, сөздерінің астарында ұзын шаштарды мақтау жатқанын, ойвн дұрыс жеткізе алмағанын түсіндіріп жатқандар да бар.
Әзірге видео авторына қандай да бір шара қолданыла ма, жоқ па белгісіз.