Қарағандыда жолдан өтпек болған әйелдің үстіне жарық бағаны құлап кетті, деп хабарлайды Mad...
«Шетелден көлік әкеліп береміз»: Алаяқтар тұрғындарды тақырға отырғызды
Фото: freepik
1068
Бас прокуратура екі «делдалдың» алаяқтық схемасын ашты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Екі ер адам жәбірленушіге өздерін шетелден көлік тасымалдайтын делдал ретінде таныстырған. Кейін жәбірленушіден көлік сатып алуға және өзге де шығындарға деп 16 млн теңге алған. Алаяқтар «клиентімен» әлеуметтік желі арқылы ғана сөйлескен. Нәтижесінде жәбірленуші автокөліктен де, ақшадан да қағылды.
Сот 2 алаяқтың бірін 5 жылға, екіншісін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.