Астанадағы автобуста аутизмі бар кішкентай қызды балағаттаған әйел табылды. Бұл туралы баланың анасы...
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
Фото: gov.kz
21
Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің арасында 34-орынға ие болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Еліміз бірқатар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінен жоғары орналасқан.
Рейтингте Қазақстан Дания, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы , Норвегия, Сауд Арабиясы сияқты елдерден алда тұр. Ал посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші нәтижені көрсетті.