Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісі үшін сыйға берілген көлігін сатылымға қойды

Фото: qrnews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1294

Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісі үшін сыйға берілген көлігін сатылымға қойды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ qrnews.kz сайтына сілтеп.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзіне 2024 жылы алтын медаль үшін сыйға берілген Mercedes AMG GLE көлігін сатылымға шығарды.

Көліктің бағасы — 45 миллион теңге.

Спортшы Instagram парақшасының stories бөлімінде көліктің суретін жариялап, оны «шұғыл сатылымда» екенін жазған. Сондай-ақ, болашақ иесіне "жұғысты болу" ниетімен алуына болатынын айтқан.

Белгілі болғандай, бұл көлікті Елдосқа 2024 жылы қазақстандық кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов, тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы, сыйға тартқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...