Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
436

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанның астанасы Бішкекке барды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына қатысады. Сондай-ақ Президент «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысып, бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылайды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстан Президентін Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің еңбегіне бірыңғай талап енгізуді ұсынды, деп хабар...