Махмұд Сабырхан Азия чемпионатынан соң мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1187

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Дүбірлі додада 55 келіде ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 70 келіде жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан финалда сүрініп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қос Сабырханның алтын медальға қол жеткізе алмауы көп жанүйердің таңданысын тудырды.

Осыдан кейін Махмұд Сабырхан бұл нәтижеге өзінің де көңілі толмайтынын айтып, жазба жариялады.

“Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Ұланбатырда Азия чемпионаты аяқталды. Мен қола, Төрехан күміс жүлдегер атанды. Әрине, бұл Сабырхандардан күткен нәтиже емес еді. Бабымыз жанғанымен, бағымыз жанбады. Бұл да біз үшін үлкен сабақ болады. Алда әлі талай еңбектеніп, еліміздің көк туын Әлемде көтеру үшін тер төгеміз. Бізді қолдаған баршаларыңызға мың рақмет! Сабырхандардың сағы сынбайды! Бұл біріншілікте топ жарған қыз-жігіттерді құттықтаймын. Бұл жолы Ағайынды Оралбай Айбек Нұрбек бауырларымыз чемпион болды келесі жолы 4 чемпион боламыз”, — деді Махмұд Сабырхан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу аудандық соты студенттің әкесіне қатысты оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап қоюы бойын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...