Алматыда тұратын жетім жігіт мемлекеттен алған үйіне Қазақстанның туын іліп қойған

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
2789

Алматыдағы Жетімдер үйінің бірінде өскен Виктор есімді жігіт мемлекеттен алған пәтерін көрсетіп, мақтан тұтқан, деп хабарлайды  MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

«Менің атым Виктор, жасым 25-те. Мен Жетімдер үйінен шыққан жігітпін және маған мемлекет үй берді. Қазір сіздерге үйімді көрсетіп шығайын», - дейді видео түсірген жігіт.

Осылай деген жас жігіт бір бөлмелі пәтердің кіреберісін, жуынатын бөлмесі мен ас үйін видеоға түсірген.

«Ал мынау менің жататын бөлмем, мен өз елімнің патриотымын. Мынау – Қазақстанның туы», - дейді бойын мақтаныш кернеген ол.

Қазақстандықтар бұл видеоға өте жылы пікірлерін жазған әрі жігітке жарқын болашақ тілеген.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...