Торғай аймағының дамуы Үкіметтің ерекше назарында болады – Тоқаев

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1107

Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі стратегиялық маңызы зор міндеттерді атады. Ол, әсіресе, Торғай аймағының жағдайын Үкімет назарына алу қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Кейінгі жылдары авиация инфрақұрылымын жаңғырту үшін көп жұмыс істелді. Былтыр Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар ашылды. Жақында Зайсанда, Қатонқарағай және Кендірліде әуежай құрылысы аяқталады. Арқалық әуежайы қалпына келтіріліп жатыр. 

Бұл жобалар аймақтардың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, басқа да бірқатар саланың дамуына серпін береді. Сондықтан, бұл жұмыс өз жалғасын табады. 

Жалпы, Торғай аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің айрықша назарында болуы керек», – деді Президент.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...