Әкімдік Астанадағы LRT пойыздарының қандай болатынын көрсетті

Фото: City Transportation Systems

ЖАҢАЛЫҚТАР
1629

Астанадағы LRT пойызының нобайы мен дизайны қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қытайдың Таншань қаласындағы «CRRC Tangshan Co., Ltd» зауыты Астанадағы LRT пойызы үшін 19 вагонды құрастырып жатыр. 

«City Transportation Systems» компаниясы вагондардың нобайын көрсетіп, оларды сипаттаған. Дереккөзге сүйенсек, бір вагонның ұзындығы 60 метр. Олардың есіктері автоматты түрде ашылып, автоматты түрде жабылады және 600 жолаушыны тасымалдай алады. Дереккөз таратып отырған суреттерге қарасақ, LRT вагондарының сырты көк түсті болады. Салоның іші сары түсті, ал орындықтары былғарыдан жасалады екен.

«Астана қаласының климатын ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнекті буландырмайды. Жазда кондиционер жұмыс істейді», - деп хабарлаған компания. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...