Министр халықаралық терминдерді қайта қайтарды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4901

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова терминдерді өзгерту шаралары туралы айтқан ақпаратты  "Мәдениет порталы" хабарлайды.

Министрдің айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-нан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді.  

«Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, «мұражай» деген сөз «музей» болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер", – деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде. 

Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина,  теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал «әлеует»  деген сөз «потенциал»  болып қайта өзгертілді.

«Бүгінде «Termincom.kz» сайтының негізінде терминологияның қазіргі жағдайы мен негізгі қағидалары туралы ақпараттандыру үшін электронды платформа іске қосылды», - деп атап көрсетті Райымқұлова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Шымкенттегі үйлену тойының кортежіне қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұ...