Астанада кальян шеккендерге 700 мың теңге айыппұл салынды

Фото: Астана әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1583

Елордада кальян шегуге тыйым салу бойынша рейдтік шаралар жалғасып жатыр. Полицейлер 12 адамды және 3 көңіл көтеру орнының иесін әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі өнімдерін, оның ішінде кальян мен темекісіз өнімдерді тұтынуға тыйым салу ережелерін сақтау бойынша рейд жүргізілді. Тексеру барысында 12 адам мен 3 мекеме иесіне 700 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

«Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі және кальян шегуге тыйым салу ережелерін бұзу деректерін анықтау және алдын алу мақсатында рейдтік шаралар жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері 49 құқықбұзушылық анықталған. Барлық жағдайда әкімшілік айыппұлдар салынды.

Кальян шеккен азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

«Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енді. Заң бұзушыларға 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін»,  – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Құқық қорғау органдары елорда тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтауға шақырып, рейдтік шаралардың барлық аудан аумағында тұрақты түрде жүргізілетінін ескертті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...