«Төртеуге дейін рұқсат бар»: Астананың бас имамы қанша әйелі бар екенін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1765

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қанша әйелі бар екені туралы айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Елорданың бас имамы тележүргізуші Айкерім Есенәліге берген сұхбатында өзіне қатысты сұрақ жиі қойылатынын қозғап өтті.

«Шариғи тұрғыда Құранның мәтінімен алар болсақ, бұл – Алла Тағаланың рұқсат берген ісі, жалпы ер адамның төрт әйел ала алуы. Ол мәтіннің жалғасында егер әділдік жасай алмасаңыздар, біреуі жақсы, дейді. Енді әділдік жасау деген қиынның қиыны. Маған да «қанша әйеліңіз бар?» деген сұрақ қойылады. Сонда былай деймін: «Аллаға шүкір, төрт әйелге татитын бір әйелім бар. Ал бесіншісі – арам», - деп жауап берді Астана қаласының бас имамы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...